top of page

【Жаңа жоба туралы есеп】Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына қолдау көрсетудің басталуы туралы

  • Mar 31
  • 1 min read

Updated: Apr 30


Қазақстан-Жапония Жібек жолы» қауымдастығының құрметті мүшелері!


Құрметті «Қазақстан-Жапония Жібек жолы» қауымдастығының мүшелері мен серіктестері!

Сіздердің көрсетіп жатқан тұрақты қолдауларыңыз бен ынтымақтастықтарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін.

Біздің ұйым жаңа жоба ретінде Қазақстан Республикасындағы «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына» қолдау көрсетуді бастағанын хабарлаймыз.

Бұл орталық — біздің қауымдастықтың құрылуына тікелей мұрындық болған профессор Ормандатаев пен профессор Омарова көп жылдар бойы еңбек еткен емдеу мекемесі (бұл туралы толығырақ біздің сайттағы төраға жолдауынан оқи аласыздар: https://www.kjsilkroad.com/chairman-message). Орталық ақ қан (лейкоз) секілді ауыр дертпен күресіп жатқан балалар емделетін еліміздегі негізгі медициналық мекеме болып табылады. Дегенмен, заманауи емдеу шараларын үздіксіз жүргізу үшін әлі де көптеген қолдау қажет.


【Көрсетілетін көмектің негізгі бағыттары】

  • Лейкозбен ауыратын балаларға қолдау көрсету

  • Емдеуге қажетті медициналық жабдықтар мен заттарды тарту ету

  • Емделу жағдайын жақсартуға атсалысу


Біз бұл игі істі шекара талғамай жүзеге асыруға ниеттіміз. Жобаның барысы туралы алдағы уақытта да жүйелі түрде ақпарат беріп отырамыз.

Сіздермен бірлескен жұмысымыз бұдан былай да жемісті болатынына сенемін. Назарларыңызға рақмет.


Қазақстан-Жапония Жібек жолы» қауымдастығының төрағасы: Казуо Уэда


 
 
カザフスタン

​Қазақстан-Жапония

Жібек жолықауымдастығы

Контактілер

Хатшылық мекен-жайы

Sanei Building 3F, 5-23-7 Shimbashi, Minato-ku, Tokyo 105-0004

Телефон нөмірі

ТЕЛ: 03-3432-2250      ФАКС: 03-6809-2292

bottom of page