top of page

28-ші Қазақстандық жапон тіліндегі шешендік өнер байқауы

  • Mar 18, 2025
  • 1 min read

Updated: Apr 30

2025 жылғы 15 наурызда (сенбі) Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде 28-ші Қазақстандық жапон тіліндегі шешендік өнер байқауы өтті. Биылғы байқауға барлығы 17 үміткер қатысып, бақ сынады.


«Жапония-Қазақстан Жібек жолы қауымдастығының» төрағасы Казуо Уэда мырза қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысты. Ол қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, қолдау көрсетті, сондай-ақ барлық үміткерлерге арнайы сыйлықтар табыс етті.


Ұйымдастырушылар:

  • Қазақстандағы жапон тілі мұғалімдерінің қауымдастығы

  • Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі

  • Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті


Қолдау көрсеткендер:

  • Қазақстандағы жапон бизнес-клубы (Жапон сауда-өнеркәсіп палатасы)

  • «Жапония-Қазақстан Жібек жолы қауымダстығы» (Japan Kazakhstan Silk Road Association)

  • «Iwaya Gakuen» білім беру корпорациясы

  • «New & Rare resources» ЖШС


Серіктестер:

  • Қазақстандағы жапон азаматтарының қауымдастығы (Жапон клубы)

  • Цукуба университеті


Демеушілік жасаған:

  • Халықаралық жапон қоры (The Japan Foundation)



Қазақстанда Жапония — экономикасы мен технологиясы озық, өзіндік төл мәдениеті бар таңғажайып ел және мемлекет құрудағы үлгілі модель ретінде үлкен қызығушылыққа ие. Көптеген адамдар екі халықтың этникалық ұқсастығын сезініп, жақын тартады, ал жапон мәдениетіне деген құштарлық жапон тілін үйренуге үлкен серпін береді.


Соңғы жылдары Қазақстанның экономикалық дамуымен қатар, табысты елдің тілі ретінде жапон тілін үйренушілер саны артып келеді. Жыл сайын өткізілетін «Жапон мәдениеті күндеріне» келушілердің көптігі жапонның заманауи поп-мәдениетіне деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді.


«Жапония-Қазақстан Жібек жолы қауымдастығы» жапон тілі арқылы ашылатын жапон мәдениетінің тартымдылығын арттырып, екі ел арасындағы байланыстардың бұдан да тығыз әрі белсенді бола түсуін тілейді.









 
 
カザフスタン

​Қазақстан-Жапония

Жібек жолықауымдастығы

Контактілер

Хатшылық мекен-жайы

Sanei Building 3F, 5-23-7 Shimbashi, Minato-ku, Tokyo 105-0004

Телефон нөмірі

ТЕЛ: 03-3432-2250      ФАКС: 03-6809-2292

bottom of page