«Air Astana» мен «Japan Airlines» кодшерлингтік келісімге қол қойды
- Oct 1, 2024
- 1 min read
Updated: May 12
«Air Astana» мен «Japan Airlines» стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды
«Air Astana» әуе компаниясы жапониялық «Japan Airlines» (JAL) компаниясымен кодшерлингтік келісімге қол қойды.
Бұл келісім екі әуе компаниясына 2026 жылдың көктеміне жоспарланған Алматы – Токио бағыты бойынша тікелей рейстерге өз кодтарын қоюға мүмкіндік береді.
«Japan Airlines» тобының бас директоры Мицуко Тоттори ханым:
««Air Astana» сияқты тамаша серіктеспен ынтымақтасатынымызға өте қуаныштымыз. Жолаушылар мен жүк тасымалын дамыту арқылы Жапония мен Қазақстан арасындағы 30 жылдан астам уақытқа созылған дипломатиялық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға үлес қосамыз», — деп атап өтті.
Екі компанияның ұшу кестесі мен билеттерді сату жүйелері біріктірілгеннен кейін, бағыттар мен кестенің егжей-тегжейлері жарияланатын болады.
«Air Astana» тобының бас директоры Питер Фостер мырза:
««Japan Airlines» компаниясымен серіктестік — бұл біздің халықаралық желімізді кеңейтетін және жолаушыларымызға көбірек саяхат мүмкіндіктерін ұсынатын маңызды қадам. Қазақстан мен Жапония арасында сапалы әрі ыңғайлы саяхат тәжірибесін ұсынуды асыға күтеміз», — деді.



