【Жапонияны зерттеу орталығы】 Белгілі меценат Берлин ИРИШЕВ мырзамен кездесуге шақыру
- Oct 24, 2024
- 1 min read
Updated: Apr 30
Құрметті достар!
Сіздерді танымал қаржыгер, дипломат және меценат Берлин ИРИШЕВ мырзамен өтетін ерекше кездесуге шақырамыз.
Бұл кездесуде Иришев мырза қазақ мәдениеті мен тарихына қызығушылық танытатын қауымға азиялық тұңғыш топ-модель Алла ИЛЬЧУН (1926-1989) туралы өмірбаяндық кітапты таныстырады.
Алла Ильчун — Харбин қаласында тұрған қазақ әке мен орыс ананың отбасында дүниеге келген. Ол 1940-1960 жылдар аралығында француз сән әлемінің жарық жұлдызына айналды. Кристиан Диордың басты музасы болған ол, кейіннен Ив Сен-Лоранға да шығармашылық шабыт берген бірегей тұлға.
Сіздерді осы бір тағылымды кештің қонағы болуға шақырамыз!
◆ Өткізілу уақыты: 2024 жылғы 25 қазан, сағат 18:00 – 20:00
◆ Өткізілу орны: Tokyo-to, Chuo-ku, Yaesu 1-8-16, Shin-Makicho Building 3-қабат TKP Tokyo Station Conference Center, Conference Room 3B
◆ Кіру тегін
◆ Қатысуды растау: (Өтінім беру мерзімі: 2024 жылғы 23 қазан, сағат 12:00-ге дейін) Төмендегі сілтеме арқылы тіркелулеріңізді сұраймыз: ↓
Алдын ала рахмет!
Байланыс мәліметтері: 📞 090-3238-9389 📧 s.aldiyar01@gmail.com 📧 alla.musedior@gmail.com
Қазақстанды зерттеу орталығы (Жапония) Association des Kazakhstanais en France



