top of page

【Қазақстан-Жапония ғылыми-зерттеу институты】Халықаралық симпозиумға шақыру

  • Oct 1, 2024
  • 1 min read

Updated: May 12

Құрметті әріптестер мен ғылыми қауымдастық өкілдері!

«Қазақстан-Жапония ғылыми-зерттеу институты» Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетімен және Васеда университетінің Гуманитарлық ғылымдар факультетімен бірлесіп ұйымдастыратын «Мектептегі білім беруді реформалаудағы халықаралық ынтымақтастық: Қазақстан мен Жапонияның өзара әрекеттесуі» атты халықаралық симпозиумға шақырады.  


Бұл симпозиумда Васеда университетінің профессоры Тадас Асада мырза арнайы баяндама жасайды. Сонымен қатар, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушылары өз зерттеулерін ұсынады. Бұл іс-шара Жапония мен Қазақстан арасындағы академиялық алмасуды нығайтуға бағытталған.  


◆ Өтетін уақыты: 2024 жылғы 27 қыркүйек (жұма), сағат 15:00-де (Қазақстан уақытымен)

◆ Форматы: Гибридті (оффлайн және онлайн)

◆ Іс-шара тілдері: Қазақ, жапон, орыс және ағылшын тілдері

◆ Өтетін орны (оффлайн): Алматы қаласы, Мұратбаев көшесі 200, 1-қабат, 108-аудитория


オンライン参加ズームリンク↓






ミーティング ID: 959 4559 7261

パスコード: 081414


Іс-шара тілдері: жапон, ағылшын, орыс және қазақ тілдері. Қажеттілігіне қарай аударма жасалады.

Бағдарламаның егжей-тегжейі мен баяндама тақырыптары туралы ақпаратты осы хатқа тіркелген файлдан көре аласыз.

Осы маңызды іс-шараға баршаңызды қатысуға шақырамыз.

Симпозиумға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет емес, жоғарыда көрсетілген Zoom сілтемесі арқылы қосыла аласыздар.

Сіздерді асыға күтеміз!


-Марал Андасова


アンダソヴァ マラル  博士(文学)

早稲田大学 高等研究所 講師(任期付)

Maral Andassova, Ph.D. in Japanese Literature 

Waseda Institute for Advanced Study (WIAS) Assistant Professor








 
 
カザフスタン

​Қазақстан-Жапония

Жібек жолықауымдастығы

Контактілер

Хатшылық мекен-жайы

Sanei Building 3F, 5-23-7 Shimbashi, Minato-ku, Tokyo 105-0004

Телефон нөмірі

ТЕЛ: 03-3432-2250      ФАКС: 03-6809-2292

bottom of page