top of page

Q-POP арқылы қазақ тілін үйрену

  • Oct 1, 2024
  • 1 min read

Бүгін «NUR.KZ» ақпараттық порталында өте қызықты мақала жарық көрді. Онда J-POP және K-POP-пен қатар әлемнің назарын аударып жатқан, Қазақстаннан бастау алған Q-POP бағытының көшбасшысы — «Ninety One» тобының әндері арқылы қазақ тілін үйренген америкалық азамат Эван Аллен туралы баяндалған.


Қазақстанның оңтүстігіндегі Тараз қаласындағы университетте ағылшын тілінен сабақ беретін Эван Аллен осыдан бірнеше жыл бұрын өзінің сүйікті музыканттарының әндері арқылы қазақ тілін үйрене бастаған екен.


АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің Instagram парақшасында Эван Алленнің қазақша сөйлеген видеосы жарияланды. Оның таза әрі еркін сөйлегеніне таңғалмасқа шара жоқ!


Ол «Ninety One» тобының барлық әндерінің мәтінін жатқа біледі екен. Бұл шынымен де керемет! Шапалақ!

 
 
カザフスタン

​Қазақстан-Жапония

Жібек жолықауымдастығы

Контактілер

Хатшылық мекен-жайы

Sanei Building 3F, 5-23-7 Shimbashi, Minato-ku, Tokyo 105-0004

Телефон нөмірі

ТЕЛ: 03-3432-2250      ФАКС: 03-6809-2292

bottom of page