【EXPO 2025】 Қазақстан павильонына қош келдіңіздер!
- May 15, 2025
- 1 min read
Updated: Apr 30
Қазақстанның тартымды мәдениеті мен жарқын болашағына куә болғыңыз келе ме? Осака-Кансай EXPO 2025 көрмесіндегі «F-коммонс — Қазақстан павильонында» осынау ерекше әсерге бөленіңіз!
Осака-Кансай EXPO 2025 көрмесінің F-коммонс аймағында орналасқан Қазақстан павильонында сіздерді 3000 жылдық тарихы бар көшпенділердің жылжымалы баспанасы — «Киіз үйді» көруге, сондай-ақ заманауи Қазақстанның жасанды интеллект (AI) және озық медицина саласындағы жетістіктерімен бейнероликтер мен модельдер арқылы танысуға шақырамыз.
Экспозицияның ең басты жаңалығы — Қазақстанның мақтанышына айналған әлемдік деңгейдегі озық медициналық технология — «ALEM» (Astana Life Ex-situ Machine) құрылғысы. Бұл — донорлық мүшелерді сақтауға, емдеуге және тасымалдауға арналған бірегей аппарат. Ол мүшелердің денеден тыс 24 сағаттан астам уақыт бойы тірі ағзаға жақын ортада жұмыс істеп тұруын қамтамасыз етеді. 2022 жылдан бері 42 клиникаға дейінгі эксперименттік ота (жануарларға) жасалып, жүрек, бауыр және өкпе трансплантациясында құрылғының тиімділігі дәлелденді. Қазіргі таңда бұл технологияны алғаш рет адамға клиникалық қолдану бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде, ол биылғы жылдың соңына дейін басталады деп күтілуде. Сондай-ақ, құрылғыны өндіретін базаның құрылысы да басталып кетті.
Қазақстанның бай мәдениеті мен үмітке толы болашағын бірге сезінейік! Сіздерді Қазақстан павильонында асыға күтеміз!
【EXPO 2025】 Осака-Кансай көрмесі
◇ Өткізілу мерзімі: 2025 жылғы 13 сәуір (жексенбі) – 13 қазан (дүйсенбі) (184 күн)
◇ Өткізілу орны: Осака, Юмешима
◇ Ресми сайт: https://www.expo2025.or.jp/ https://www.expovisitors.expo2025.or.jp/pavilions/fa3a777b-a6ac-492b-bdb7-60d8e15e6f84






















