top of page
カザフスタン

Қазақстан мәдениеті

list
音楽
ҚАЗАҚТЫҢ МУЗЫКА МӘДЕНИЕТІ

20 ғасырдың басына дейін Қазақстанның музыка өнері негізінен ұлттық, дәстүрлі музыкасымен танылды. Музыка мәдениетінің дамуы және оның ұлттық музыка ауқымынан шығып, жаңа сипат алуы Қазақстан КСРО құрамына енгеннен кейін ғана басталды. Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ музыкасы одан әрі дамып, әлемнің музыка мәдениетінен көрнекті орын алатын деңгейге жетті.
Қазақстанның бай музыкалық мәдениеті туралы әңгімені қазақтың дәстүрлі музыкасы орындалатын кейбір этникалық аспаптарға шолу жасаудан бастасақ.

Домбыра

Қазақтың ұлттық аспаптары дегенде алдымен домбыра еске түседі. Шанағы алмұрт тәрізді, мойыны ұзын, жіңішке екі ішекті домбыра – қазақтың дәстүрлі музыкалық аспабы.
Домбырада музыка екі жолмен орындалады: ішекті шертіп тарту және қағып тарту.
Қазіргі таңда домбыра ұлттық музыканы орындайтын музыканттардың негізгі аспабы. Тіпті Қазақстанда қазақтың ұлттық аспабы домбыраны ұлықтап, шілденің бірінші жексенбісінде Домбыра күнін атап өтеді.
Домбыраны көремін және тыңдаймын деушілерге YouTube арнасындағы мына бейнежазбаларды ұсынамыз: "LINK". Бейнежазбаның бас жағында аспап жайлы мағлұмат беріледі.

Дабыл

Дабыл – дәстүрлі музыкалық аспаптардың ішіндегі ұрмалы аспап. Дабылдың екі жағы былғарымен қапталған, жиектерінде тұтқалар бар. Дабылдың даусы өте зор, сондықтан ертеде алысқа хабар беру үшін қолданылған. Дабылды әдетте қолмен немесе қазақы қамшымен ұру арқылы дыбыс шығарады. Қазіргі уақытта оркестрлерге арналған дабылдың екі түрі бар: ағаш корпусты шағыны және жезден жасалған үлкені.

Қобыз

Домбырамен қатар қазақтың тағы бір этникалық аспабы – қобызды айтпай кету мүмкін емес. Қобыз – ерекше пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі екі ішекті аспап. Қазақ халқының ең көне аспаптарының бірі. Ағаштан жасалып, төменгі жағы былғарымен қапталады. Ішектері жылқының қылынан жасалады. Қобыздың жануарлардың үнін еске түсіретін барқыттай қанық үні бар. Қазіргі уақытта қобыз қазақтың ұлттық музыка ансамбльдері мен оркестрлерінде кеңінен қолданылады.
Бұл аспапты көріп, оның үнін естігісі келетіндерге YouTube арнасындағы бейнежазбаны ұсынамыз. Көшпелілердің көне халық аспабында орындалған «Титаник» фильмінің тамаша саундтрегін тамашалай аласыз.

カザフスタン

Жетіген

Жетіген – дәстүрлі жеті ішекті шертпелі аспап, аздап жапондық котоны еске түсіреді. Қазіргі уақытта жетігеннің ішектерінің саны 15-ке дейін өсті. Пішіні ұзынша төртбұрышты, ағаштан жасалған. Әр ішектің тиегі бар. Дыбыс осы тиектерді жылжытумен реттеледі. 
Жетіген бүгінгі күні қазақтың ұлттық музыка ансамбльдері мен оркестрлерінде қолданылады.

Шертер

Шертер – ежелгі ішекті аспап. Шертерді де домбыра сияқты тартады. Шертердің көлемі домбырадан көп кіші, бірақ сыртқы түрі қобызды еске салады, оған жұмыр түр беріп, сыртын терімен қаптайды, аттың қылынан екі ішек тартылады. Аспап бір ғана бұрандалы болып келеді, ішектің бір басы бұрандаға, екіншісі басына бекітіледі. Шертер аспабы аңыз, ән, ертегілерді айтқанда қолданылған. 

Сыбызғы — қазақтың үрмелі музыкалық аспабы. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600-650 мм немесе 700-800 мм, 4-6 ойықты болады. 
Қазақстанда сыбызғының 2 түрі бар: қысқа, конус пішіндес шығыс сыбызғысы және үлкенірек, ұзынырақ батыс сыбызғысы.
Үрмелі аспаптар ішінде сыбызғы халық үшін сүйікті аспаптардың бірі болып саналады. Ол ұлттық музыка өнерінің ажырамас бөлігіне айналған.

Сыбызғы — қазақтың үрмелі музыкалық аспабы. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600-650 мм немесе 700-800 мм, 4-6 ойықты болады. 
Қазақстанда сыбызғының 2 түрі бар: қысқа, конус пішіндес шығыс сыбызғысы және үлкенірек, ұзынырақ батыс сыбызғысы.
Үрмелі аспаптар ішінде сыбызғы халық үшін сүйікті аспаптардың бірі болып саналады. Ол ұлттық музыка өнерінің ажырамас бөлігіне айналған.

Сазсырнай

Сазсырнай – үрмелі аспап. Сазсырнай ысқырып ойналатын флейталар тобына жатады. Сазсырнайға ұқсас аспаптар көптеген халықтарда кездеседі. Сазсырнай Жапонияда да танымал. Жануардың жүнімен араласқан саздың қасиеті оның дыбыс күшін арттырады. Сазсырнайдың пішіні жұмыртқа немесе кішкентай құс тәріздес. Құстардың сайрағанын және желдің соққанын еске түсіретін уілдеген жұмсақ дыбысы бар. Ол балалардың музыкалық қабілетін дамыту үшін ойыншық ретінде де пайдаланылған.

Шаңқобыз

Шаңқобыз – темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі бар көне музыкалық аспап. Оның сирек кездесетін бір түрі – ағаш шаңқобыз, ол ағашқа бекітілген жіпті тербеу арқылы дыбыс шығарады. Шаңқобыз – ежелден келе жатқан қазақтың музыкалық аспабы. Аспаптың бітімі бөлек болғанымен, құрылымы өте қарапайым. Шаңқобыз басқа атаулармен көптеген халықтарда кездеседі. Жапондарда да осыған ұқсас «кокин» деген музыкалық аспап бар. (Ресейде - варган).
Шаңқобызды ерінге қойып, тіске тіреп ойнайды. Аспаптың үні тілшені саусақпен шалып тартқан кезде серіппенің тербелісі арқылы шығады. Ауыз қуысы аспап резонатрдың қызметін атқарады. Шаңқобыздың негізгі дыбысы тілдің мөлшеріне байланысты. Аспап тартушы тілінің қимылы арқылы түрлі дыбыстар шығара алады. 
Шаңқобыздың көмегімен жаңбырдың дыбысын, желдің уілін, сарқыраманың сылдырын, шапқан ат тұяғының дыбысын және құстың сайрағанын салуға болады. Шаңқобыздың үнге бай дыбыстары кейде адамның дауысына да ұқсайды деген пікір бар.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстанның музыкалық мәдениетінің жан-жақты дамуы басталды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары қазақ музыкасы әлемнің музыка мәдениетінен елеулі орын алды.

Қазақ музыкасының даму тарихын бір шолып өтсек.

19 ғасырда еуропалықтар қазақ музыкасына қызығушылық танытып, оған Батыс елдерінің, соның ішінде көршілес Ресейдің музыканттары мен өнертанушылары да мән бере бастады. Орыс шығыстанушылары қазақ фольклорын жүйелі түрде зерттеп, сақтап қалуға мұрындық болса, орыс ықпалы қазақ музыкасын байытып, композиторлар мен орындаушылардың жаңа буынын қалыптастырды. Олардың қатарында Абай Құнанбайұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Ықылас Дүкенұлы бар.

 

1930 жылдары кәсіби музыка өнерінің қалыптасуы басталды. Ресейден шақырылған Евгений Брусиловский, Василий Великанов, Борис Ерзакович сынды музыка қайраткерлері Қазақстандағы ең танымал, қазіргі тілмен айтқанда, продюсерлердің бірі Ахмет Жұбановпен бірге Қазақ халық аспаптар оркестрін, филармония оркестрін құрды. Сонымен қатар Қазақ опера және балет театрының бастауына айналған музыкалық-драма студиясын құрды. Осылайша Қазақстанда тұңғыш опера қойылды. Одан кейін көптеген жаңа музыкалық жанрлар, қазақ эстрадалық әндері, камералық және симфониялық музыка, дәстүрлі классикалық хорлар мен кеңестік ән хорлары дүниеге келіп, дами бастады.

 

1939 жылы Қазақстанда Композиторлар одағының құрылуы, 1944 жылы Алматыда Қазақстандағы классикалық музыканың атасы атанған консерваторияның айқара есік ашуы ел өміріндегі елеулі оқиға болды. Соғыстан кейін қазақтың академиялық музыкасы, опера, балет, симфониялық жанр қарқынды дамып, өркендей бастады.
Осы жерде скрипкашы Айман Мұсаходжаева мен пианист Жәния Әубәкірова сияқты белгілі қазақ музыканттарын атап өту лайықты.

КСРО эстрадасының танымал әншілері Нағима Есқалиева мен Роза Рымбаеваның есімдері көпшілікке белгілі.

 

Нағима Есқалиева Қазақстанның бас қаласы Алматыдан Астанаға көшірілгенде, «Елорданың алғашқы таңы» әнінің алғашқы орындаушысы болды. Бүгінде бұл ән Астананың бейресми әнұраны болып саналады. Бауыржан Исаев пен Нағима Есқалиеваның орындауындағы «Елорданың алғашқы таңы» әнін YouTube арнасынан мына сілтеме арқылы тыңдауға болады. "LINK"

 

Қазақ эстрадасының ханшайымы Роза Рымбаеваның Балтық теңізінен Тынық мұхитына дейінгі бүкіл Кеңес Одағында тыңдармандары көп болды. Оның таза да талғампаз болмысы мен 4 октава диапазонындағы қанық дауысы көпшіліктің жүрегін жаулап алды. Роза Рымбаеваның орындауындағы «Любовь настала» әні (кеңестік хиттің авторлары Роберт Рождественский мен Раймонд Паулс) тек Қазақстанды ғана емес, бүкіл Кеңес Одағын шулатты. Роза Рымбаеваның орындауында тыңдарманның жүрегін елжіреткен бұл әсем балладаны YouTube желісіндегі мына сілтеме арқылы тыңдай аласыздар. "LINK" Осы видеоның астындағы пікірлерден Роза Рымбаеваның Кеңес Одағында қаншалықты атақты болғанын байқауға болады. Ән керемет орындалған, сондықтан көп пікірлерді көзге жас алмай оқу мүмкін емес.

 

Тоқсаныншы жылдардың бірінші жартысында қазақтың ұлттық нақыштарын заманауи өңдеуде ұсынған өнерпаздар көбейе түсті. 1994 жылы құрылған «Үркер» тобы өз әндері арқылы отаншылдық идеяларды, ұлттық салт-дәстүрдің жаңғыруын, қазақ халқының өзіндік ерекшелігін жаңаша жырлады. Топтың жұмысы туралы толығырақ YouTube-тегі ресми сайтынан біле аласыз. "LINK" Сондай-ақ, Қазақстанның 90-шы жылдардағы музыка әлемі туралы айтқанда, бір түнде танымал болған A-Studio тобын айтпай кетуге болмайды. Жанды дауыста орындалатын концерттерде «Нелюбимая», «Джулия», «Солдат любви» сияқты әндері жиі айтылып, теледидарда, радиода тоқтаусыз шырқалды. Бұл Қазақстанның 90-шы жылдардағы музыкасы еді.

 

Сондай-ақ, 1995 жылы «RAP ZONE» рэп тобы Қазақстан музыка индустриясының сахнасына шығып, жастар арасында үлкен танымалдыққа ие болды. Атап айтқанда, олардың «Шум-гам-бум-переворот» хиті (оны YouTube сайтынан тыңдауға болады "LINK") жастардың әнұранына айналды. Ал «RAP ZONE» деген граффити қазір ғимараттардың сыртқы қабырғаларына сән беріп тұр.

2015 жылы J-pop және K-pop-пен қатарласып Q-pop бағыты пайда болды, кейін ол бүкіл әлемге танылды. Q-pop батыстық электро-поп, хип-хоп, би музыкасы және блюз сияқты элементтерді өз бойына жинаған. Ал 2015 жылы дебют жасаған «Ninety one» тобы бұл жанрдың негізін қалаушы болып саналады. «Ninety one» тобының әндерін олардың YouTube-тегі ресми сайтынан тыңдауға болады. "LINK"

 

Қазақстанды әлемге әйгілі еткен эстрада әншілерінің бірі – 6,5 октавалық дауыс диапазоны бар ғажайып әнші Димаш Құдайберген. Жапонияда ол NHK, Fuji TV, TBS TV сияқты телеарналарда және радиостанцияларда көптеген хабарларға қатысып, сұқбат берді. Ол Жапонияда өте танымал және фанаттары өте көп. Димаш Құдайбергеннің YouTube-тегі ресми сайтынан оның 2021 жылы жапон тілінде орындаған «Иканайде» әнін (әні Кодзи Тамаки, сөзі Горо Мацуи) көріп, тыңдай аласыздар. "LINK"
 

Материал төмендегі сайттан алынған ақпараттардың негізінде жазылды

 

➡Сайтқа өту

➡Сайтқа өту

➡Сайтқа өту

➡Сайтқа өту

カザフスタン

​Қазақстан-Жапония

Жібек жолықауымдастығы

Контактілер

Хатшылық мекен-жайы

Sanei Building 3F, 5-23-7 Shimbashi, Minato-ku, Tokyo 105-0004

Телефон нөмірі

ТЕЛ: 03-3432-2250      ФАКС: 03-6809-2292

bottom of page